Жарияланды: 470

Мемлекет басшысы білім және ғылым министрін қабылдады

Астана. 22 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевты қабылдады.

Ж.Түймебаев президентке министрліктің жыл басынан бергі жұмысының негізгі қорытындылары жөнінде баяндады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Министр мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында орта білім беру жүйесінде интеллектуалдық мектептер құрылып жатқанын айтты. Қазақстандық жоғары оқу орындары Англияның, Германияның, Голландияның және әлемнің басқа да елдері жетекші оқу орталықтарының үздік лекторларын шақыруда. "Мемлекет басшысы халықаралық стандарттарға сәйкес болуы және түлектеріміздің әлемнің кез келген елінде жұмыс істей алуы үшін біздегі білім берудің сапасын арттыру міндетін алға қойды", - деді Ж.Түймебаев журналистерге арналған брифингте. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін