Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға қол қойды

Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға қол қойды

Астана. 27 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңдарға қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 27 Маусым 2008
  • 443
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасымен шекаралас Қырғызстан Республикасының Ыстықкөл, Талас, Шу облыстарының аудандарында және Қырғызстан Республикасымен шекаралас Қазақстан Республикасының Алматы, Жамбыл облыстарының аудандарында үшінші мемлекеттердің азаматтарына берілетін Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасының туристік визаларын өзара мойындау жөніндегі Қазақстан Республикасының үкіметі мен Қырғызстан Республикасының үкіметі арасындағы келісімді ратификациялау туралы» және «Есірткінің заңсыз айналымы саласындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық кодекстеріне және Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті