Мемлекет басшысы: Біз әлемге жаңа Қазақстанды танытуымыз қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы: Біз әлемге жаңа Қазақстанды танытуымыз қажет

Мемлекет басшысы: Біз әлемге жаңа Қазақстанды танытуымыз қажет

Жапония - күншығыс елі, Корея - таңғы шық елі, ал Қазақстан  - ұлы дала елі. Бұл туралы бүгін еліміздің «Нұрлы жол»

  • 2 Шiлде 2015
  • 671
Фото - Caravan.kz

және индустриалды-инновациялық мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылу барысына арналған жалпыұлттық телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Жапония  — күншығыс елі, Корея — таңғы шық елі, Нидерланды — қызғалдақтар елі. Қытай — аспан асты елі.  Біздерге бұл да жетіспейді. Қазақстан  — ұлы дала елі. Ұлы дала, мәңгілік зеңгір көк аспан. Біртұтас түс біздің елімізді біріктіре түседі», — деді Елбасы.

Сонымен бірге Мемлекет басшысы бүгінгі таңда жаңа Қазақстанды әлемге таныту қажеттігін баса айтты.


«Біз — ұлы дала перзенттеріміз. Біз тек көшпенділер ғана емеспіз. Дәл осы ұранмен, осы жаңа брендпен біз әлемге жаңа Қазақстанды танытуымыз қажет. Бұл үшін мен индустрияландыру, жаңа экономикалық саясат, 5 институттық реформа идеяларын ұсындым», — деді Н.Назарбаев.