Мемлекет басшысы Грузия Президенті Михаил Кавелашвилимен кездесу өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.73
  • 546.57
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Грузия Президенті Михаил Кавелашвилимен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы Грузия Президенті Михаил Кавелашвилимен кездесу өткізді

Астанада өтіп жатқан Өңірлік экологиялық саммит аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвилимен кездесті.

  • 22 Сәуiр
  • 2
Фото: Ақорда.кз

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тараптар қазақ-грузин қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын қарастырды.

Мемлекет басшысы Грузия Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы маңызды әрі сенімді серіктесі саналатынын атап өтіп, өзара ықпалдастыққа тың серпін беруге дайын екенін растады.

Фото: Ақорда.кз

Президенттер ынтымақтастықтың қарқын алғанына мән беріп, сауда-экономикалық байланыстарды арттыру қажеттігін айтты. Кездесуде бірлескен инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, іскер ортаның аясын кеңейту, сондай-ақ екі елдің көлік-транзит әлеуетін тиімді пайдалану мәселелері пысықталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Михаил Кавелашвили жаһандық және өңірлік күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.

Фото: Ақорда.кз