Жарияланды: 560

Мемлекет басшысы кәсіби орта буын мамандарын дайындау бағытында қолданылып жатқан шараларды жеткіліксіз деп санайды

Рудный. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кәсіби орта буын мамандарын дайындау бағытында қолданылып жатқан шараларды жеткіліксіз деп санайды. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қостанай облысының Рудный қаласында ашылған халықаралық еңбек форумында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бұған дейін қолданылып келген шаралар жеткіліксіз әрі кәсіби мамандарға деген тез өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыра алмайды", - деді Н. Назарбаев. Оның айтуынша, экономикалық өсімнің жоғары қарқыны еңбек нарығының құрылымындағы айтарлықтай өзгерістердің және кәсіби білікті жұмыс күшіне деген сұраныстың табиғи өсімінің катализаторы болмақ. "Кәсіби орта буын мамандарының тапшылығы қазірдің өзінде өндірістің өсім қарқыны мен экономиканың бәсекелестік қабілетіне әсерін тигізуде", - деді мемлекет басшысы. "Сол себепті экономикаға қажетті көлемде оларды дайындау басымдық берілген мақсаттардың бірі", - деді президент. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть