Мемлекет басшысы Конституциядан парламент палаталарын қалыптастыру тәртіптерін айқындайтын нормаларды алып тастауды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Конституциядан парламент палаталарын қалыптастыру тәртіптерін айқындайтын нормаларды алып тастауды ұсынды

Мемлекет басшысы Конституциядан парламент палаталарын қалыптастыру тәртіптерін айқындайтын нормаларды алып тастауды ұсынды

АСТАНА. 16-мамыр. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында Конституциядан парламент палаталарын қалыптастыру тәртіптерін айқындайтын нормаларды алып тастауды ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 16 Мамыр 2007
  • 446
Фото - Caravan.kz

«Бұл тәртіп «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңда жан-жақты ашып көрсетіледі»,- деді Н.Назарбаев. Оның айтуынша, мұндай қадам «Конституцияның дәл осы тұсы қоғамда жиі талқыға түсетін тақырыпқа айналуына байланысты. Сол себепті оны өзгерту үшін қайта-қайта Конституцияға қол сұға бермей, болашақта бұл мәселені конституциялық заңмен реттеген абзал»,- деді президент.

Мемлекет басшысы сонымен бірге Конституциядан парламент депутаты қандайбір императивтік мандатпен байланысты емес деген норманы алып тастауды ұсынды. «Бұл мәжіліс депутаттары пропорционал сайлау жүйесімен сайланған жағдайда дауыс беруде біртұтас партиялық ұстанымды немесе партиялық фракцияның ұстанымын сақтау қажеттігіне тікелей байланысты»,- деді Н.Назарбаев.

«Сонымен бірге егер мәжіліс депутаты өзі сайланған саяси партиядан шыққан немесе одан шығарылған жағдайда өз мандатынан айрылуы мүмкін болса, сенат депутаттарына мұндай негіз әсер етпейді»,- деп түсіндірді президент.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті