Жарияланды: 410

Мемлекет басшысы өңір әкімдерінің мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының орындалуы туралы есептерін тыңдайды - Кәрім Мәсімов

Мемлекет басшысы өңір әкімдерінің мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының орындалуы туралы есептерін тыңдайды - Кәрім Мәсімов

Астана. 8 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өңір әкімдерінің мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының тоғыз айдың қорытындысы бойынша орындалуы туралы есептерін тыңдайды. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін үкіметте өткен селекторлық жиын барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз жарты жылдың қортындысы бойынша мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының орындалуы туралы есептерді тыңдағанбыз, ал қазір мен сегіз айдың қорындысымен танысамын. Ал тоғыз айдың қорытындысы бойынша үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысының өзі облыс әкімдерін шақырып сіздердің есептеріңізді тыңдайтынын ескертемін", - деді Кәрім Мәсімов. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть