Жарияланды: 470

Мемлекет басшысы өңір әкімдерінің мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының орындалуы туралы есептерін тыңдайды - Кәрім Мәсімов (толықтырылған нұсқасы)

Астана. 8 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өңір әкімдерінің мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының тоғыз айдың қорытындысы бойынша орындалуы туралы есептерін тыңдайды. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін үкіметте өткен селекторлық жиын барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз жарты жылдың қортындысы бойынша мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының орындалуы туралы есептерді тыңдағанбыз, ал қазір мен сегіз айдың қорындысымен танысамын. Ал тоғыз айдың қорытындысы бойынша үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысының өзі облыс әкімдерін шақырып сіздердің есептеріңізді тыңдайтынын ескертемін", - деді Кәрім Мәсімов. "Жалпы алғанда жылдың бірінші жартысымен салыстырғанда сегіз айда оң бағытта айтарлықтай ілгерілеу болды. Дегенмен, қазіргі жағдаймен Қызылорда, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстары тәуекел тобына қамтылып отыр", -деді ол. "Әкімдер бюджет қаржысының игерілуіне баса назар аударуға тиіс. Өйткені, келісілгеніндей, тоғыз айдың қорытындысы бойынша нақты шаралар қолданылатын болады. Келесі дүйсенбіде мектептер мен ауруханалардың құрылысына және оларды жылыту маусымына дайындауға байланысты селекторлық жиын өткіземіз", -деді Кәрім Мәсімов. Сонымен бірге үкімет басшысы 9 қыркүйекте Алматыда және 11 қыркүйекте Астанада құрылыс жұмыстарына байланысты барлық мәселелер кешені бойынша тағы да екі кеңес өткізбек ниеті бар екенін жеткізді. "Біз онда үлестік құрылыс, құрылыс компаниялары мен екінші деңгейлі банктерге қатысты мәселелерді қараймыз, Ақмола және Алматы облысындағы үлескерлердің мәселелері бойынша жеке кеңес өткізетін боламын",- деді үкімет басшысы. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін