Жарияланды: 860

Мемлекет басшысы Пекиндегі ХХІХ Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған Илья Ильинге құттықтау жеделхатын жолдады

Астана. 19 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Пекиндегі ХХІХ Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған штангашы Илья Ильинге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қымбатты Илья, - делінген жеделхатта, - миллиондаған қазақстандықтардың және тікелей өз атымнан тамаша жеңісіңмен құттықтаймын! Табандылық, мақсаткерлік, жоғары спорттық шеберлік және жеңіске деген жігерлілік көрсете отырып, сен бүкіләлемдік ойындарда Қазақстанды лайықты таныттың. Сенің аса көрнекті табысың біздің спорттың шежіресіне мәңгілік болып енеді". Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық атлетке денсаулық, бақыт және спорт әлемінде одан әрі табыстарға жетуді тіледі. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть