Кездесу барысында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің президенті Владимир Ким мемлекет басшысын корпорацияның 2007 жылғы қызметінің қорытындылары және 2008 жылға арналған даму жоспарлары туралы хабардар етті.
«Қазақмыс» директорларының кеңесі алғаш рет Астанада өтті. Президенттің тапсырмасымен бұл шара жылына бір рет Қазақстанда өткізіліп тұрады.
«Бүгін «Қазақмыс ПЛС» аса маңызды отырыс өткізді. Біз компанияның әл-ауқатын арттыра түсуге септігін тигізетін жаңа жобаларды талқыладық. Оларды жүзеге асыруға 14 млн доллар бөлінді», — деді «Қазақмыс ПЛС» компаниясының тәуелсіз директоры лорд Ренвик журналистерге арналған брифингте.