Жарияланды: 450

Мемлекет басшысы "Қазақмыс" шахтасында болған апатқа байланысты көңіл айтып жеделхат жолдады

Астана, 14 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақмыс" корпорациясының "Жезқазғантүстіметалл" өндірістік кәсіпорнының №65 Оңтүстік кенішіндегі шахтада болған апатқа байланысты Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматуллинге көңіл айтып, жеделхат жолдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Адамдардың қазасына әкелген шахтадағы апат туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза болған кеншілердің туыстары мен жақындарына қатты қайғырып көңіл айтамын. Мен тиісті мемлекеттік органдарға апаттың себептерін тексеру және оның салдарын жою, зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсету жөнінде тапсырмалар бердім", - делінген жеделхатта. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін