Мемлекет басшысы: Қазақстан Үндістанға 5 мың тонна уран жеткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы: Қазақстан Үндістанға 5 мың тонна уран жеткізеді

Мемлекет басшысы: Қазақстан Үндістанға 5 мың тонна уран жеткізеді

Қазақстан Үндістанға 5 мың тонна уран жеткізеді. Бұл туралы бүгін Ақордада елімізге ресми сапармен келген Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Модимен 

  • 8 Шiлде 2015
  • 640
Фото - Caravan.kz

кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
Елбасы өз сөзінде Үндістан Премьер-Министрі сапары аясында өткен бизнес-форумның екіжақты ынтымақтастықты арттыруға қосымша негіз қалайтындығын баса айтты.

«Біз бүгін диалогқа дайын екендігімізді, көзқарасымыздың жаңа жолдарын  іздейтіндігімізді кездесуде растадық. Екі арадағы қарым-қатынас, мұнай-газ, металлургия, тау-кен өндірісі, инфрақұрылым, банк, азық-түлік, электр энергиясы салалары туралы әңгімелестік», — деді Мемлекет басшысы.

Сонымен бірге Қазақстан Көшбасшысы Сәтбаев мұнай блогын барлау мақсатындағы бұрғылау жұмыстары Үндістан тарабының қатысумен басталғанын атап өтті.


«2015-2019 жылдары Үндістанға 5 мың тонна уран жеткізу жөніндегі келісімшарттарға қол қойылды.  Бұл энергетика саласындағы ынтымақтастықтың жүйелі дамуының дәлелі болып саналады»,-  деді Н.Назарбаев. 

2794810