Президент бүгінгі таңда заңнамаға сәйкес аса ауыр қылмыс түрлері үшін өлім жазасы қарастырылғанын, бірақ мораторий жариялануға байланысты кейінгі 4 жылда оның орындалмай отырғанын еске салды.
«Конституциялық деңгейде өлім жазасын тек кісі өліміне қатысы бар лаңкестік қылмыстар мен соғыс уақытындағы аса ауыр қылмыстар үшін ғана қарастыруды ұсынамын»,- деді Н.Назарбаев. Президент сол арқылы Қазақстанның «іс жүзінде өлім жазасы қолданылмайтын елге айналатынын» атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті