Кездесу кезінде М.Құл-Мұхаммед Елбасына Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен проблемалары жөнінде, сондай-ақ озық жобаларды жүзеге асыру барысы туралы баяндады.
«Біздің өңірімізде алты озық жоба іске асырылмақ. Соның бірі «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасына енді» ,- деді әкім.
«Мен Елбасына әлемдегі бұрын-соңды болмаған үлкен экологиялық жоба — Сырдария өзенінің арнасын реттеп, солтүстік Арал теңізін сақтау жөніндегі жобаның бірінші кезеңінің аяқталғанын және екінші кезеңінде атқарылатын шаралардың жәй-жапсарын баяндадым. Елбасы нақты тапсырмалар берді. Олардың міндетті түрде орындалатындығына кәміл сенемін», — деді М.Құл-Мұхаммед журналистерге арналған брифингте.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті