Мемлекет басшысы ресми сапармен Нидерланды Корольдiгiне барады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы ресми сапармен Нидерланды Корольдiгiне барады

Мемлекет басшысы ресми сапармен Нидерланды Корольдiгiне барады

Р Президентi Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Нидерланды Корольдiгiне барады.

  • 3 Ақпан 2014
  • 607
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгiн Нидерланды Корольдiгiнiң Сыртқы iстер министрi Франс Тиммерманспен кездесуi барысында Сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысов мәлiм еттi. 

"Қазақстан мен Нидерланды жаһандық қауiпсiздiктi, ядролық қаруды таратпауды қолдайды. 2014 жылы наурызда Гаагада Ядролық қауiпсiздiк саммитi өтедi. Бiздiң Президент аталмыш саммиттiң белсендi қатысушысы. Алғашқы саммиттер Вашингтон және Сеулде өткен болатын, үшiншi саммит Гаага қаласында болмақ және Елбасы бұл жиынның белсендi қатысушысы ретiнде тiркелген. Осы орайда Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың Нидерландыға ресми сапары өтетiндiгiн хабарлағым келедi. Мемлекет басшысының Гаагаға сапары екi сипатта болмақ: екiжақты ресми сапар және Жаһандық саммитке қатысу", — дедi министр.