Мемлекет басшысы Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімі Ұйымының құқықтық мәртебесі жөніндегі келісімді бекіту жөніндегі заңға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімі Ұйымының құқықтық мәртебесі жөніндегі келісімді бекіту жөніндегі заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімі Ұйымының құқықтық мәртебесі жөніндегі келісімді бекіту жөніндегі заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімі Ұйымының құқықтық мәртебесі жөніндегі келісімді бекіту жөніндегі заңға қол қойды. ҚР-ның осы жөніндегі заңы 4-шілде күні республикалық басылымдарда жарық көрді.

  • 4 Шiлде 2003
  • 529
Фото - Caravan.kz

Бұл келісім бойынша Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімі Ұйымының , оған мүше мемлекеттер өкілдері мен лауазымды қызметкерлердің халықаралық құқық нормаларына сәйкес артықшылықтары, құқығы мен иммунитеттері дәйектелген. Келісімнің 3-бабына сәйкес Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімі Ұйымының мүлкі мен активтеріне қол сұғылмайды. Сонымен бірге Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімі Ұйымы тікелей салықтар мен алымдардан, баж салығынан, сондай-ақ, нақты даяшылық төлемдерінен басқа кейбір төлемдерден босатылады. Келісімде сондай-ақ, Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімі Ұйымының лауазымды қызметкерлерінің құжаттары мен жеке бастарына қол сұғылмау принципі жарияланған.

Елбасы сондай-ақ, 1992-жылдың 15-мамырында қол қойылған Ұжымдық Қауіпсіздік Келісіміне мүше-мемлекеттердің Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күш-құрылымдарын қалыптастыру және олардың жұмыс істеу тәртібі туралы хаттаманы бекіту жөніндегі заңға қол қойды. Бұл заң да 4-шілде күні республикалық басылымдарда жарияланды.

Соңғы жаңалықтар