Жарияланды: 430

Мемлекет басшысы Ыстықкөл жағалауында өзінің қырғыз әріптесімен жүздеседі

Алматы. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ыстықкөл жағалауында өзінің қырғыз әріптесі Құрманбек Бакиевпен жүздеседі, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қырғыз Республикасына, Ыстықкөлге келді. Осында Қазақстан және Қырғызстан президенттерінің бейресми кездесуі өтеді. Н. Назарбаев пен Қ. Бакиев екі жақты ынтымақтастықты дамыту жайлы және өзара қызығушылық тудыратын халықаралық мәселелерді талқылайды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін