«Самұрық» холдингі мен аймақтық ӘКК үкіметпен бірлесе отырып Қазақстанда жеткілікті болып табылатын жаңа кеніштерді барлау туралы мәселені шешу қажет. Біз еліміздің ұланғайыр аумағына толық барлау жүргізген жоқпыз»,- деп санайды президент.
Ол «мұнайгаз саласының басты векторы халықаралық мұнай энергетикалық нарығына ықпалды жауапты қатысушы ретіндегі мемлекет ұстанымын күшейту болуға тиіс» деп атап өтті.
«Ол үшін біз энергетикалық саладағы старатегиялық маңызды нысандарға мемлекеттік ықпал етуді дәйекітілікпен күшейтеміз»,- деп атап көрсетті Н. Назарбаев.
Президенттің пайымдауынша, «бұл халықаралық нарыққа жоғары қосылған құнымен дайын өнім шығаруды қамтамасыз ету үшін өте маңызды». «Бұл біздің қайта өңдеуге назар аударуымызға мүмкіндік береді»,- деп түсіндірді ол.
Президент сондай-ақ «Самұрық» холдингі мен аймақтық ӘКК «металлургия саласындағы бәсекелестікке қабілеттілікті көтеріп, тиімді дамытуға қатысты нақты шаралар қабылдауды» тапсырды. «Ол үшін қазіргі бар тау-кен-металлургиялық компаниялардың мемлекеттік акцияларының қоржынын басқаруды нақты қолға алып, байыбына бару, сондай-ақ, қара және түсті металдардың, және кейінгі кездері еліміз айналыспай кеткен сирек кездесетін металдардың барланған кеніштері бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алу қажет»,- деп атап көрестті мемлекет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті