Жарияланды: 420

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді

Орал. 23 қыркүйек. Қазақстан Бүгін - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Облыстық әкімдіктің хабарлауынша, президент бүгін "Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы" АҚ, "Гидромаш-Орион МЖБК" ЖШС болып, жас отбасыларға арналған 90 пәтерлі "Жас Отау" үйі мен жаңа "Балбұлақ" балабақшасында болады. Түстен кейін президент жуырда жөнделген қалалық мәдениет және демалыс саябағын аралап, "Нұр Отан" ХДП облыстық филиалының жаңа ғимаратында болып, облыстың басымдық берілген жобаларымен танысып, облыс атқамінерлерімен жүздеседі. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть