Жарияланды: 410

Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР президентінің баспасөз хатшысы тағайындалды

Астана. 20 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен ҚР президентінің баспасөз хатшысы болып Бейбіт Исабаев тағайындалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, мемлекет басшысының жарлығымен Ерлан Байжанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы қызметінен босатылды. Сонымен қатар, баспасөз қызметі Қайырбек Сүлейменовтің басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылғанын хабарлады. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, мемлекет басшысының жарлығымен Қайырбек Сүлейменов Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалған болатын. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін