Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы қарым-қатынас әріптестік деп аталатын жаңа принциптік деңгейге көтерілді - ҚР президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 459.6
  • 493.06
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы қарым-қатынас әріптестік деп аталатын жаңа принциптік деңгейге көтерілді - ҚР президенті

Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы қарым-қатынас әріптестік деп аталатын жаңа принциптік деңгейге көтерілді - ҚР президенті

"Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы қарым-қатынас әріптестік деп аталатын жаңа принциптік деңгейге көтерілді". Бүгін, 15-қазанда Астанада өткен Азаматтық форумның жалпы отырысында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлімдеді деп хабарлайды KZ-today тілшісі Елордасынан.

  • 15 Қазан 2003
  • 1059
Фото - Caravan.kz

Н.Назарбаевтың атап көрсетуінше, «қазіргі таңда мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан жаңартулардың стратегиялық бағыттары бойынша өзара ынтымақтастық орнатуы тиіс».

Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың тиімді ықпалдастығын жолға қою үшін, Елбасының пікірінше, заңнамалық базаны жетілдіріп, қаржыландыру жүйесін құру, сондай-ақ, өзара ықпалдастық тетіктерін айқындап алу қажет.
Азаматтық форум табысты өткізілген жағдайда «ол жалпыұлттық диалог тетігіне айналып, оны тұрақты негізде өткізіп тұруға болады»,- деді президент.
Н.Назарбаев үкіметтік емес ұйымдардың тәжірибесі мен әлеуетін консультативтік мекемелерде кеңінен пайдаланудың маңызы зор деп санайды. Осыған байланысты Елбасы президент әкімшілігі мен үкіметке консультативтік-кеңес органдарының форматын қайта қарап, жұмысқа үкіметтік емес ұйымдарды да жұмылдыру жөнінде тапсырма берді. Облыс , Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне президент үкіметтік емес ұйымдарды қолдау бағытындағы шаралар кешенінің жобасын жасау, аймақтардағы қоғамдық кеңестер жұмысына үкіметтік емес ұйымдар өкілдерін тарту жөнінде нұсқау берді.
«Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара үйлесімді әрі ырғақты жұмысы ғана Қазақстанды экономикалық жаңа деңгейге көтере алады»,- деп қорытты өз сөзін Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар