Жарияланды: 440

Мемлекетаралық авиациялық комиссия апатқа ұшыраған "Боинг-737" ұшағының бортында лаңкестік оқиға болғандығы жөніндегі жорамалды жоққа шығарады

Бішкек. 12 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекетаралық авиациялық комиссия апатқа ұшыраған "Боинг-737" ұшағының бортында лаңкестік оқиға болғандығы жөніндегі жорамалды жоққа шығарады. Бұл туралы кеше өткен баспасөз мәслихатында Бішкек маңында болған "Боинг-737" ұшағының апатқа ұшырау себептерін зерттеу жөніндегі Мемлекетаралық авиациялық комиссияның төрағасы

Леонид Каширский мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 4 қыркүйекте бас прокуратураның қызметкерлері Бішкек қаласының маңында апатқа ұшыраған "Боинг-737" ұшағының командирі Юрий Гончаровты Қырғызстанның Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 94-бабы бойынша қылмыс жасаған күдікті ретінде ұстаған болатын. "5 қыркүйекте Қылмыстық кодекстің 280-бабының 3-тармағы бойынша айыпкер ретінде Ю. Гончаров Бішкектегі 1-ші Тергеу абақтысына қамалды",- деп хабарлады Қырғызстан Бас прокуратурасының баспасөз хатшысы. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін