Мемлекетаралық іздеуде жүрген Алматы тұрғыны ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекетаралық іздеуде жүрген Алматы тұрғыны ұсталды

Мемлекетаралық іздеуде жүрген Алматы тұрғыны ұсталды

 Алматы-1 стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесе отырып, мемлекетаралық іздеуде жүрген 30 жастағы Алматы қаласының тұрғынын ұстады.

  • 9 Желтоқсан 2014
  • 312
Фото - Caravan.kz

Ол 4 желтоқсан күні Алматы халықаралық әуежайында  «Алматы-Киев» бағытындағы рейс ұшар алдында жеке төлқұжаттарды тексеру кезінде қолға түсті.

 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап аталған азаматтың үстінен аса ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалған болатын.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат Алматы ІІД-нің Медеу аудандық ІІБ-на тапсырылды, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.