Жарияланды: 870

Мемлекеттердің аумақтық тұтастығы және сепаратизмді жақтамау тұрғысында Қазақстанның ұстанымы тұрақты - Назарбаев

Астана. 3 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекеттердің аумақтық тұтастығы және сепаратизмді жақтамау тұрғысында Қазақстанның ұстанымы тұрақты болып қала береді. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін өткен баспасөз мәслихатында журналистер сауалына берген жауабында атап көрсетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Грузия, Абхазия мен Оңтүстік Осетияға қатысты мәселе бойынша жаңадан алып-қосар ештеңе жоқ. Қазақстанның ұстанымы баршаға аян. Грузияның бірінші болып шабуыл жасағанына мен куәгермін", -деді Н. Назарбаев осы жөніндегі алғашқы ақпараттар пайда болған кезде Пекинде РФ үкімет басшысы Владимир Путинмен бірге болғанын еске сала келе. "Бұл жерде оқиғаға біржақты баға берілді деген пікірдемін", - деді Қазақстан президенті. "Қазақстан - Ресейдің стратегиялық серіктесі, көршісі және одақтасы, тиісінше біз Ресейдің әрекеттеріне түсіністікпен қараймыз", - деді ол. "Біз сонымен бірге Латвияның ұстанымын да түсінеміз... біз өз пікірімізді білдірдік және мемлекеттердің аумақтық тұтастығы мен сепаратизмді жақтамау тұрғысында Қазақстанның ұстанымы тұрақты болып қала береді деп тағы бір рет атап өтеміз", - деп мәлімдеді Н.Назарбаев. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін