Мемлекеттік айыптаушы Ержан Өтембаевқа 15 жыл жаза тағайындауды сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік айыптаушы Ержан Өтембаевқа 15 жыл жаза тағайындауды сұрады

Мемлекеттік айыптаушы Ержан Өтембаевқа 15 жыл жаза тағайындауды сұрады

Осыдан жеті жыл бұрын белгілі саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев пен оның қос көмекшісін өлтірді деп сотталған

  • 31 Қаңтар 2014
  • 212
Фото - Caravan.kz

Ержан Өтембаевтың ісін қайта қарау жөніндегі сот процесінде айыптаушы жақ оған 15 жыл жаза тағайындауды сұрады.

«Тағылған айып бойынша Өтембаевқа қатаң тәртіпте 15 жыл жаза тағайындап, мүлкін тәркілеуді сұраймын», — деді мемлекеттік айыптаушы Ғалымжан Тілеубаев.

«Өтембаев қылмыстың алдын алуға тырыспаған. Осы әрекетіне қарап, ол бір топ адамның алдын ала келісім бойынша кісі өлтіруіне ықпалдастық жасады деуге болады», — деді прокурор.

«Сонымен қатар, Өтембаев өзі бұрын Ибрагимовке берген 60 мың долларды қайтаруға күш салмаған. Кейін Ибрагимов оны Сәрсенбаевтың өлімін ұйымдастыру мақсатында пайдаланды. Сондай-ақ, Өтембаев ұйымдастырылып жатқан қылмыс туралы құқық қорғау орындарына хабарламаған», — деді Ғ.Тілеубаев.