деп комитет төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин мәлімдеді.
«2013 жылғы бюджеттік бағдарламаларды әкімгерлердің бірнеше мәрте нақтылап, түзетуіне қарамастан республикалық бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылған. Үкімет есебіне сәйкес, республикалық бюджеттің игерілмеген қаражаты 43,2 млрд теңгені құрады, біздің бағалауымыз бойынша бұл сома 131,8 млрд теңге мөлшерде қалыптасқан, оның ішінде орталық мемлекеттік органдар 43,2 млрд теңге игерілмеген, жергілікті атқару органдары пайдаланылмаған және мақсатсыз пайдаланылған 26 млрд теңге бюджетке қайтарылды, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталды арттыру мен ағымдағы дамуға бөлінген қаражатының бақылау шоттарындағы қаржы қалдығы 62,6 млрд теңгені құрады», — деп Қ.Жаңбыршин бүгін Астанада 2013 жылға арналған республикалық бюджетті орындау туралы есепті таныстыру кезінде атап көрсетті.