«Соңғы кезде Бұқаралық ақпарат құралдары Корпорация мемлекеттік азық-түлік қорын пайдаланып, сатып жатыр деген ақпарат жариялауда. Заңдарға сәйкес құрылған азық-түлік қоры тек үкімет пен заң жүзінде көрсетілген жағдайда ғана пайдаланылатынын ресми түрде мәлімдейміз», — деді Н. Оспанов.
«Азық-түлік корпорациясы мемлекеттік қорды басқарған тұста бір рет те бидайды сыртқа сатқан жоқ. Үкімет тарапынан да мемлекеттік азық-түлік қорын сату жөнінде шешім шығарылмады». «Бұл — қол сұғылмайтын қор», дегенді шегелеп айтты Н. Оспанов.
Н. Оспанов атап өткеніндей, қор бидайы Азық-түлік корпорациясының меншігіндегі 5 мемлекеттік нан базасы мен арнайы қармандарда сақталуда.
«Нан базалары біздің жеке меншігіміз болғандықтан, корпорация оларды еншілес кәсіпорындар арқылы басқаруда. Бұл — корпорация өзінің нан базаларын сатып, мемлекеттік элеваторлардан құр алақан қалды, деп газет- басылымдарда жарық көрген мақалаларына жауабымыз», — деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті