Жарияланды: 370

Мемлекеттік емес заңды тұлғалар иелігіндегі жердің 38 пайызы банктік кепілде тұр

Қазақстанда мемлекеттік емес заңды тұлғалар иелігіндегі жердің 38 пайызы банктік кепілде тұр.

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Қадырхан Отаров айтты. «Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлердің 48 пайызы мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі болып табылады. 52 пайызы шаруа-фермер қожалықтарының қарауында. Ал сол 48 пайызды игеріп отырған мемлекеттік емес заңды тұлғалар астық шаруашылығы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің 65 пайызын шығарып отыр», - деді Қ. Отаров. Сонымен қатар, агенттік төрағасының айтуынша, аталған мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі жердің 38 пайызы банктерде кепілде тұр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін