Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысына Люксембург Ұлы герцогтығының төтенше және өкілетті елшісі Гастон Штронк, Чили Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Аугусто Парра Муньос, Зимбабве Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Фелекезела Мпхоко сенім грамоталарын табыс етті.
Журналистерге арналған брифингте Гастон Штронк: «Мен үшін Люксембургтің Қазақстандағы елшісі болу үлкен мәртебе. Мен екі елдің арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды дамыту үшін барлық күш-жігерімді жұмсаймын. Люксембург пен Қазақстан арасындағы қаржы және банк, сондай-ақ инвестиция саласындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор», — деп атап өтті.
Чилидің Қазақстандағы елшісі Аугусто Парра Муньос сенім грамотасын тапсыру барысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Чили мемлекет басшысы Мишель Бачелет ханымның игі тілектерін жеткізгенін атап өтті.
«Чили мен Қазақстан — өз алдына ел экономикасын жаңарту мен әртараптандыру бойынша барабар міндеттер қойған екі заманауи және серпінді дамып отырған мемлекеттер. Бірлескен күш-жігердің, тәжірибе алмасу арқылы екі мемлекет те бұдан әрі алға қарай табысты дами алады деп сенемін», — деп атап өтті Чили елшісі.
Зимбабве елшісі Фелекезела Мпхоко өзінің елшілік қызметке тағайындалуын екі ел арасындағы қатынастарды дамытуға бағытталғанын атап өтті.
«Біздің елдеріміз мол минералдық байлыққа ие. Біз Қазақстанды Зимбабве экономикасына инвестиция салуға шақырамыз», — деді Фелекезела Мпхоко.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті