Жарияланды: 430

Мемлекеттік хатшы Швейцарияның Қазақстандағы елшісін дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады

Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед Швейцария конфедерациясының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Стефан Нелленді еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады.

«Сіз Қазақстанда елші болып қызмет еткен жылдарда шын мәнінде біздің еліміздің үлкен досына айналдыңыз. Қазақстан мен Швейцарияның арасындағы барлық деңгейдегі қарым-қатынастар өте биік сатыға көтерілді»,-деді М. Құл-Мұхаммед. Мемлекеттік хатшының атап өтуінше, С. Неллен Қазақстанға елші болып келген кезде екі елдің арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастар 1 млрд. доллардың шамасында болса, бүгінде ол 5 есеге дейін өсіп, 5 млрд. АҚШ долларын құрады. «Осының барлығында да Сіздің үлесіңіз бар. Сіздер Италия, Қытай, Нидерланды сияқты мемлекеттерден кейінгі Қазақстанның төртінші үлкен сауда әріптесіне айналдыңыздар»,-деді Мемлекеттік хатшы. Сондай-ақ, ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан дипломатқа екіжақты қарым-қатынастардың дамуына қосқан елеулі үлесі, Қазақстанның маңызды сыртқы саяси акцияларында, әсіресе Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрғалық ету кезеңіндегі белсенді қызметі үшін алғыс білдірді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін