Мемлекеттік комиссия Шымкент әуежайында жасалған қайта жөндеу жұмыстарын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік комиссия Шымкент әуежайында жасалған  қайта жөндеу жұмыстарын қабылдады

Мемлекеттік комиссия Шымкент әуежайында жасалған қайта жөндеу жұмыстарын қабылдады

Астана. 13 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Өткен аптада мемлекеттік комиссия "Шымкент қаласының әуежайы мен аэродромында жасалған қайта жөндеу" жобасы бойынша жасалған жұмыстарды қабылдады. Бұл туралы агенттіккке ҚР көлік және коммуникация министрлігінің (ККМ) баспасөз қызметі хабарлады.

  • 13 Қараша 2007
  • 394
Фото - Caravan.kz

«Жоба бойынша бас мердігер ретінде қазақстандық «К-Дорстрой», жоба авторы — РМК «Қазаэропроект»» деп хабарлайды министрлік.

ККМ мәліметі бойынша, жобаның бағасы 5,35 млрд тенгені құрап, қаржы көзі -республикалық бюджет болды.

Жобаға сәйкес «қайта жөндеу жұмыстарында әуежайдың ұшу-қону алаңы 500 метрге ұзартылып, күшейтілді», деп түсіндірілді баспасөз қызметіндегілер. Министрліктегілер атап өткеніндей, сондай-ақ, «перрон, жол тораптары, халықаралық азаматтық авиация ұйымының 1 санаты бойынша, жаңа дыбыстық жарық жүйесі орнатылып, электр қуатының жүйесі мен радиотехникалық құрал — жабдықтар қайта жөнделді».

«Әуежайдың геометриялық түрі жақсартылғандықтан, (ұзындығы 3300 метр, ені 60 метр) бүгінде Шымкент барлық әуе ұшақтарды, соның ішінде «Боинг-747» ұшақтарын қабылдай алатын қауқары бар деп хабарлайды министрік.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті