Жарияланды: 660

«Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңға бар мәселені өзі шешіп үйреніп қалғандар қарсы шығып жатыр» - БАҚ-қа шолу

«Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңға бар мәселені өзі шешіп үйреніп қалғандар қарсы шығып жатыр» - БАҚ-қа шолу

«Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі санында «Әбіләзовтің қылмыстық ісі» деген тақырыппен Мұхтар Әбіләзов туралы мақала берілді. Онда алаяқтың қазақстандықтардың қаржысын қалай ұрлағаны, «Алға» тіркелмеген партиясын қалай қаржыландырғаны, Жаңаөзендегі оқиғаны қалай ұйымдастырғандығы туралы егжей-тегжейлі жазылған. «Егер Әбіләзов ұрлаған қар­жы­ны Қазақстан тұрғындарының са­ны­на бөлетін болсақ, әрқай­сы­мыз­дың қалтамыздан, балалар мен

зейнеткерлерді қоса алғанда, ол шамамен 1 мың доллар ұр­лаған болып шығады», - деп жазады басылым. Газеттің жазуынша, ашық өтірікпен бүрке­ме­лен­­­­­ген ол (Әбіләзов - автор) өзі туып, бір кездері қалыпты адам болуға мүмкіндік алған өз елін жамандауға шімірікпестен кірісті. Енді оның өзінің қылмыстық мақ­­­саттарына қандай жолдармен жеткісі келетіні әбден түсінікті. Бұл әрекеті Әбіләзовтің Жаңа­өзен­дегі оқиғаларға тікелей қатыстылығын жа­­­­­сыр­мақ түгілі, керісінше, айғақтауға ұмтылысынан-ақ анық көрінеді. Сондай-ақ, басылымда «Қытайдың жаңа басшысы - Си Цзиньпин» деген тақырыппен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті қытай тілі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлының зерттеу мақаласы жарық көрді. Мақалада автор Қытайдың ХХ ғасырдағы ішкі-сыртқы саяси ахуалына шолу жасай келіп, жаңа сайланған басшысы Си Цзиньпиннің алдағы ұстанар саяси бағыты туралы болжамдарымен бөліседі. «Ал әлемдік қоғамдастықтың, әсіре­се, әлемдік саяси-сарапшылардың назары соңғы күндерде ҚХР-дың су жаңа бас­шысы Си Цзиньпинге ауғаны бел­гі­лі. Олай болатын жөні де, қисыны да бар. Себебі Си, біріншіден, ҚХР құрыл­ған­нан кейін өмірге келген Қытайдың жаңа буын ұрпағы. Екіншіден, елдің бұ­рынғы басшылары секілді күрделі саяси-әскери күрестерде шынықпаған адам. Үшіншіден, ол «үлкен шаңы­рақ­та», аға буын мемлекет басшысының от­басында өмірге келген азамат. Төр­тін­шіден, жасынан демократияшыл, реформашыл әкенің тәрбиесін көрген адам. Яғни, оның әкесі үлкен Си, сонау Дэнь билігі тұсында демократияшыл жас­тардың қозғалысына (1989) бүй­регі бұрғаны үшін биліктен шеттетіл­ген болатын», - дей келе автор, Си Цзиньпиннің билікке келудегі баррлық алғышарттары мен жолдарын жіпке тізгендей етіп береді. Бігінгі әлемдік саясаттағы Қытайдың рөлін жан-жақты талқылай келіп, автор жаңа басшы жаңа бағыт ұстана ма? деген сауалға өз бетінше жауап іздейді. *** «Алаш Айнасының» бүгінгі санында «Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңға бар мәселені өзі шешіп үйреніп қалғандар қарсы шығып жатыр» деген тақырыппен кешегі Мәжіліс депутаты, бүгінгі Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбеновпен сұхбат берілген. Сұхбатта мемлекеттік қызметке байланысты соңғы кезде қолға алынып жатқан шаралар сөз болады. «Бұдан былай мемлекеттік қызметкерлер 100 пайыз конкурс арқылы қабылданатын болады. Ауыстыру тәсілі бір мекеменің ішінде ғана жүзеге асырылады. Яғни бұрынғыдай командалық жүйе болмайды. Сол арқылы біз мемлекеттік қызметкерлерді қорғай аламыз. Яғни жаңа басшы қызметкерді жұмыстан шығара алмайды. Екіншіден, резервке алынған адам қай жерден алынды тек қана сол мекемеге ғана жарамды. Үшінші негізгі жаңалық - мемлекеттік қызметке келетін адамның білімін агенттіктің анықтайтындығы. Бұрынғы кезде кез келген мекеме кез келген уақытта ішіндегі бос орынға конкурс жариялаған болып, алдын ала белгілі нәтиже көрсетіп жататын. Қазір мемлекеттік қызметке барамын деген әрбір азаматты агенттік өзіне жинап, тест тапсыртады және қолына мемлекеттік қызметке қабілетті деген сертификат береді. Бұл да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларының бірі деп есептеймін», - дейді М. Әбенов. Сондай-ақ, «Гастарбайтерлер де салық төлейтін болады» деген тақырыппен берілген талдамада «Ресми мәліметке сүйенсек, соңғы екі жылда Қазақстанға келген шетелдіктер саны 2 млн адамнан асқан. Соның 1 миллионға жуығы Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстаннан келгендер екен. Дегенмен осыншама келімсектің тек 1 пайызға жетер-жетпесі ғана келу мақсатын «Қазақстанға нәпақа табу үшін келдік» деп көрсететін секілді. Ал 96 пайызы жеке мақсаттармен келеді-міс. Нақты жағдайды саралағандар мұның мүлдем керісінше екенін алға тартады. Осы олқылықты түзеу үшін Ішкі істер министрлігі еліміздегі еңбек көші-қоны туралы заңға өзгерістер енгізуді қолға алды. Апта басында мәжілісмендер заң жобасының тұсауын кесіп берді» дейді басылым. *** Екінші дүниежүзілік соғыстың бір үзік сырын айқын ететін құпия құжаттар табылды. Қызығы, ол жазба бізге пошталық көгершіннің қаңқасы арқылы жеткен, деп жазады «Айқын» газеті бүгінгі нөміріндегі «Құс қаңқасынан табылған құпия» атты мақаласында. Онда Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде хат тасу үшін пайдаланылған бір кептердің қаңқасы жетпіс төрт жастағы Дэвид Мартиннің үйіндегі пештің түтіні шығатын мұржаның ішінен табылғандығы, оның аяғына қыстырылған қызыл капсулада құпия хат болғаны туралы жазылады. Сөйтіп, қария сол құпия хатты зерттеуге берген. Мамандардың мә­лімдеуінше, капсуланың бұл түрін британдық барлаушы диверсанттар қызметі қолданған. Оның агенттері немістер қоршауға алған мекендердегі пойыз, көпір, фабрикаларды жару сияқты операцияларды жүзеге асырған. Соңғы тұжырым бойынша, бес хаттан тұратын бұл хабарламаны сержант Стот жазған. Және ол «Х02»-ге (бомбалауға, авиациялық әрекеттерге пәрмен беретін) бағытталған болу керек. Кей сарапшылар хабарламада белгісіз ауданда жарылыс ұйымдастыруға сұрау болған десе, енді бір нұсқа бойынша көгершін британдық фель­д­маршал Монтгомеридің Рейгейттегі, Суррейдегі штаб-пәтеріне бет алған делінеді. Оның ұшып келгені опе­рацияның бастау алған күні деп есептелген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін