Ал, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министр Талғат Донақовтың айтуынша, жұмыс орнында смартфон пайдаланған өзге мемлекеттік қызметкерлер тиісті заңнама бойынша тəртіптік жазаға тартылады. М.Бекетаев хабарлағандай, мемлекеттік қызметкерлер арасында жергілікті полиция ғана смартфон ұстап, азаматтардан «WhatsApp» арқылы шағым қабылдайды.
«Жергілікті полиция қызметіне келсек, оларға (жергілікті полицияға) «WhatsApp» арқылы хабарламалар алуға мүмкіндік беріледі. Жалпы, смартфон ұстауға тыйым салу туралы ережені дұрыстап оқысақ, ереже бойынша құпия құжаттар бар мекемелердің қызметкерлері туралы айтылған. Ал, учаскелік полицияның жұмыс орны аудандардың аумағын қамтыйды, сондықтан, байланыс үшін оған смартфон керек»,-деді М.Бекетаев.