Мемлекеттік қызметкерлер қазақ тілін білуге міндеттелуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік қызметкерлер қазақ тілін білуге міндеттелуі мүмкін

Мемлекеттік қызметкерлер қазақ тілін білуге міндеттелуі мүмкін

Қазақстанда мемлекеттік қызметке орналасу үшін қазақ тілін білу міндетті болуы мүмкін. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі осындай бастама көтерді.

  • 2 Қыркүйек 2021
  • 749
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы "Ашық НҚА" порталында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заңының жобасы бойынша Реттеушілік саясаттың консультативтік құжатында жарияланған.

"Мемлекеттік органдарда қазақ тілінің қолданысын кеңейту мақсатында мемлекеттік қызметке кіру үшін мемлекеттік тіл біліміне шек қоюға болады деп ойлаймыз", — делінген құжатта.

Сондай-ақ, ведомство өкілдері мемлекеттік қызметтің жұмыс жүйесі қоғамдық қатынастар процестерімен байланысты екенін атап өтті.


"Қоғамдағы қазақ-орыс билингвизмінің даму серпіні де мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарға әсер ететіні сөзсіз", — делінген агенттік құжатында.

Соңғы жаңалықтар