Мемлекеттік қызметтер қазақстандықтар үшін кез келген ХҚКО-да қолжетімді болады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік қызметтер қазақстандықтар үшін кез келген ХҚКО-да қолжетімді болады

Мемлекеттік қызметтер қазақстандықтар үшін кез келген ХҚКО-да қолжетімді болады

Астана мен Алматы ХҚКО-ларында тіркелу ауданына қарамастан куәландыру құжаттарын беру жобасы ілкі жоба аясында іске қосылды.

  • 19 Желтоқсан 2013
  • 270
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

 ХҚКО-да тіркелу ауданына қарамастан және аумақтан тысқарылық принципі бойынша азаматтарға қызмет көрсетуді тұрғындар арасында ең талап етілген мемлекеттік қызметтерге қолдану ұйғарылып отыр. Қазір екі қаланың тұрғындары ноу-хау мүмкіндіктерін төлқұжат пен жеке куәлікті алу кезінде пайдалана алады.

 «Астана және Алматы тұрғындары қазірден бастап өздерінің қаласындағы кез келген ХҚКО-ға куәландіру құжатын алу үшін бара алады. Мемлекеттік қызметті алу үшін оларға мекен-жай анықтамасын көрсетудің қажеті жоқ. Осылайша аумақтан тысқарылық принципі мемлекеттік қызметтерді алу шартын жеңілдетіп қана қоймай, сонымен бірге тұрғындардың ақшалай шығындарын үнемдейді» — дейді Көлік және коммуникация вице-министрі Сәкен Сәрсенов.

 Сонымен бірге ол келешекте аумақтан тысқарылық принципін ең талап етілген қызметтерге қолдану және басқа қалаларда енгізу жоспарланғанын айтты.