Жарияланды: 490

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі байқауларға қатысты ақпарат ендігі жерде жалғыз БАҚ-та жарияланады - мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің төрағасы

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі байқауларға қатысты ақпарат ендігі жерде жалғыз БАҚ-та жарияланады. Бұл туралы бүгін, 1-желтоқсанда ҚР мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің төрағасы Әбдіхалық Нәлібаев парламентте өткен үкіметтік сағатта хабарлады.

"Біз қазір "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңға тиісті өзгертулер дайындап жатырмыз. Соған сәйкес, мемлекеттік сатып алу жөніндегі байқауларға қатысты барлық ақпарат бұдан былай байқау негізінде іріктеп алынатын бір басылымда ғана жарық көретін болады",- деді Ә.Нәлібаев. Оның айтуынша, осындай ақпаратты бір БАҚ-та шоғырландыру себебі, "қазір байқаулар туралы ақпараттың дені тапсырыс берушілер тарапынан қасақана ешкім тауып оқымайтын басылымдарда жарық көруде". Үміткерлердің басым бөлігіне ақпарат жетпей қалатындықтан, белгіленген тәртіп бойынша, мұндай байқауларды Агенттік өтпедіге санайды. Сондай-ақ, бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұдан былай Агенттік алдағы байқаулар туралы ақпаратты мемлекеттік сатып алудың электрондық жүйесі арқылы Интернет желісімен таратпақ ниетте. Бұл жүйе Агенттіктің жеке веб-сайты арқылы 2004-2006-жылдарда іске қосылады. Аталған барлық жаңалықтар бір ғана мақсатты көздейді. Ол - сатушыларды алдағы байқаулар туралы тиісті ақпараттармен қамтамасыз ету, байқаулардың тиімділігін арттыру болмақ, деді Агенттік төрағасы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін