“Тергеу барысында Әлихановтың (авт. Төреғали) әрекетінен ешқандай қылмыстық белгі табылмады. 16 қазан күні Әлихановтың үстінен әкімшілік құқық бұзушылық құқық туралы кодекстің екі бабы бойынша іс қозғалды”, – деп хабарланды баспасөз қызметінен.
Төреғали мемлекеттік шекарадан өту ережесін бұзып, рұқсатсыз өткені үшін 5 АЕК (12 025 теңге), сондай-ақ, әуежай аумағында рұқсатсыз жүргені үшін 1 АЕК (2405 теңге) көлемінде айыппұл төлейді.
“Әкімшілік айыппұлды 7 тәулік ішінде төлемеген жағдайда, жазаның ауыр түрі қолданылады”, – дейді баспасөз қызметіндегілер.
Еске сала кетейік, қыркүйек айында орын алған бұл оқиғада Төреғали билетсіз ұшақ бортына кіріп кеткен. Өнер иесі әйелі мен балаларын шығарып салмақшы болған. Соның кесірінен, Алматы-Гонконг бағытындағы ұшақ жарты сағатқа кешігіп ұшқан. Кейіннен бұл іске жауапты 4 бірдей қызметкерге айыппұл салынды. Сондай-ақ, Төреғалидің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны оның бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін хабарлаған едік.