Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның келесі отырысына мемлекеттік тілде хабар тарататын телеарнаны құру туралы мәселе талқыланады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның келесі отырысына мемлекеттік тілде хабар тарататын телеарнаны құру туралы мәселе талқыланады

Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның келесі отырысына мемлекеттік тілде хабар тарататын телеарнаны құру туралы мәселе талқыланады

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 18-тамыз. АСТАНА. Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның келесі отырысына мемлекеттік тілде хабар тарататын телеарнаны құру туралы мәселе талқыланады. Бұл туралы кеше премьер-министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның кезекті отырысында үкімет басшысы мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің бспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 18 Тамыз 2007
  • 606
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, алдағы отырыста «Мемлекеттік тіл туралы» жаңа заң жобасын әзірлеу, Тілдер жөнінде агенттік құрудың қажеттігі жайлы талқыланбақшы.

Отырыста «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасы және тілдерді дамыту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру мәселелері туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевтың баяндамасы тыңдалды.

Министрдің айтуынша, аталған жобаның мақсаты — мемлекеттік тілді дамытумен қатар, орыс және ағылшын тілдерін өскелең ұрпақтың игеруі үшін қажетті жағдайларды жасау.

Сондай-ақ, Е. Ертісбаев «қазақ тілін дамыту үшін үкімет нақты, жоспарлы, кешенді шараларды қабылдауда», деді.

Екінші мәселе — тілдерді дамыту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру туралы — баяндай келе, министр «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру үшін» 2007 жылы республикалық бюджеттен 3 миллиард теңге бөлінгенін» жеткізді.

Комиссия отырысын қорытындылай келе, премьер-министр енгізілген құжат жобасын жан-жақты талқылау қажеттігін атап өтіп, оны әртүрлі аудиторияда талқылауға енгізуді ұсынды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті