Жарияланды: 400

Мемлекеттік Зейнетақы жинақтаушы қорды жекешелендіріп алудан үміткерлердің арасында шетелдік инвесторлар да бар - ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі

Мемлекеттік Зейнетақы жинақтаушы қорды жекешелендіруге қатысу жөнінде шетелдік инвесторлар ықылас білдірді. Бұл туралы бүгін, 21-қарашада өткен баспасөз мәслихатында ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсова хабарлады.

Оның айтуынша, "Мемлекеттік Зейнетақы жинақтаушы қорды жекешелендіру туралы мәселе қазір айрықша өзекті емес, дегенмен бұл туралы мәселе бір жарым жылдан бері талқыланып жатыр". Соған қарамастан, Г.Қарағұсованың айтуынша, "қазір қорды жекешелендіріп алудан үміткердердің белгілі бір тобы құралған, олардың арасында шетелдік инвесторлар да бар". Егер қорды жекешелендіру туралы шешім түбегейлі шешіліп жатса, одан үміткерлер саны әжептәуір болады дегенді айтқан министр журналистерге үміткерлердің тізімін жайып салмады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін