Жарияланды: 6200

"Мен ешкімді өлтірген жоқпын": Владислав Челахтың эксклюзивті сұхбаты!

"Мен ешкімді өлтірген жоқпын": Владислав Челахтың эксклюзивті сұхбаты!

Өмір бойына сотталған атышулы Владислав Челахтың эксклюзивті сұхбаты.

“Арқанкерген” шекара қызметінде борышын өтеп жүргендерді өлтірген Владислав Челах өз-өзіне қол салды. Оның орнында қазір қауесет таралмасын деген оймен “Қара бүркіт” түрмесінде оған ұқсайтын адам отыр. Дәл осындай қауесеттер елде тараған болатын. Караван порталының тілшісі КУИС басшылығымен ұзақ уақыт сөйлескеннен кейін атышулы Челахпен кездесуге рұқсатын берді.

Басында Челах журналистермен кездесуден бас тартты, кейін барып атышулы қылмыскер сұхбат беруге келісімін берді.

Біздің журналист түрмеден бұрынғы Челахты емес, жауырыны қақпақтай, жұдырығы тоқпақтай Владислав Челахты көрді.

Сұхбаттан кейін Владислав сұхбатқа түбегейлі қарсы шығып, айтқан сөздерінің БАҚ беттерінде шыққанын қаламады. Ал түрме қызметкерлері КАРАВАНН басылымының фотографы, сұхбат болған кезде суретке түсірген Тахир Сасықовтан суреттердің барлығын өшіруді талап етті.

Соңында сотталған Челахтың анасына жүгініп, сұхбатты жариялауға рұқсатын алдық.

“Ол бізге ештеңе айтпайды”

2012 жылдың 28 мамырында «Арқанкерген»  шекара өткізу бекетінде болған оқиғаға байланысты БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде түрлі нұсқалар бар.

Челахты бірі қылмыскер санаса, бірі оны қаһарман дейді. Сол кездегі жағдай елді дүрліктірген болатын.

Жоғарғы сот Челахтың жазасын жеңілдетуден бас тартты

Бұл оқиға өткен жылдың 25 қазанында тағы бір рет еске түсті. Осындай жағдай Забайкальада да орын алды. Әскер қатарындағы жауынгер Рамиль Шамсутдинов сегіз сарбазды атып өлтіріп, екі сарбазды жаралаған. Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі бұл жағдайды әскерге қатысы жоқ екенін атап өтіп, жүйке олқылығы деп баға берді. Алайда, Шамсутдиновтың өзі керісінше мәлімдеді. Оны “зорлаймыз”, - деп қорқытқаннан кейін ол осындай іске барған, бірақ бұл ісіне өкінеді. Ол қаша алмайтынын жеткізіп, басқа амалы болмағанын айтқан. Ол отан алдындағы борышын өтемек болған, бірақ мұндай “тозаққа”, - келетінін ойламаған. Шамсутдиновтың адвокаты жәбірленушілердің тарапынан теріс қылықтар пайда болғаннан кейін осындай қылмысқа барғанын айтады. Сот осыған байланысты жақында өз үкімін шығарады.

“Арканкерген” шекара өткізу бекетіндегі жағдайдың себебі де осындай болуы мүмкін бе? Челахтың өзі үнсіз, бұл жағдайға байланысты жауап бермеді. Бұл іске байланысты сот отырысы жабық түрде өтті. Сондықтан көп нәрсе құпия болып қала берді.

Челах ол күні не болғанын әлі күнге дейін туғандарынан жасырып келеді

– Влад бізге ештеңе айтпайды, – дейді сотталған Челахтың анасы Светлана ВАЩЕНКО.

– Оның бар айтқаны ол ешкімді өлтірмегенін айтты. Ал бұған кімнің қатысы бар, оны айтпай қойды. Тіпті ешқандай белгі де бермеді. Онымен кездескен кезде де ол тақырыпты қозғауға болмайды. Барлық сұрақтар отбасы мен туғандар туралы, одан артық сұрақ қоюға болмайды.

Төрт жыл бұрын Светлана күйеуі мен балаларымен бірге Ресейге, Калининградқа көшіп кетті.

– Қарағандыдағыдай мен жеке көлікпен айналысамын, - дейді ол.

– Пәтерді ипотекаға алдық. Балалар оқып жатыр. Бәрі жақсы, бірақ үлкен ұл жетіспейді. Қатты жетіспейді.

Челахтың адвокаты Серік Сәрсенов қайтыс болғаннан кейін, Челах қорғаушысыз, өзін өзі қорғауға бекінген

– Мен бірнеше рет өтініш жаздым және басқа да құжаттар жібердім, бірақ жауап ретінде сырғытқа жауап қана алып отырдым. Соңғы рет ұлыммен екі жыл бұрын кездестік, дегенмен ол жиі хабарласып тұрады. Барынша тырысып жүр. Әділеттілік жоқ дейді. Ештеңеге қол жеткізе алмайсың. Тағдырға ренжімейді. Түрмеде отырып шаршағанын айтты, – деді анасы.

Челахтың анасы сонымен қатар, Ресейдегі Забайкалда болған жағдайды естіген. Шамсутдиновке қарағанда Челахтың өз қолына алған қылмысқа қатысы жоқ дейді.

– Заставада олар бір-бірімен өте тату болды, - деп сендірді Светлана Ващенко. – Бұл жағдай орын алғанда  “олар әлі өз жазаларын алады”, - деді. Бірақ олардың кім екендерін айтпады. Білесіз бе, бір күні ұлым сыған әйелге барған. Сыған әйел ұлыма оны біреулердің өлтіріп кететінін немесе түрмеде отыратынын айтқан. Ол содан әскерге кетуге бекінген еді...

Қауесеттер мен нұсқалар

Төтенше қауіпті мекемеде (UK-161/3) 136 адам өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатыр, бір жағынан оларды “смертники”, - деп атайды.

Олар үшін тек бір ғана жол бар, ол – өлу. Олар тек қанішерлер мен зорлықшыларға арналған арнайы бейітте жатады.

Олардың бейіттерінде аты-жөні болмайды, тек қана рет саны болады.

Осында қайтыс болатын сотталушыларды тік қойып жерлейді деген қауесет бар, бірақ абақтының басшылығы ондай емес екеніне сендірді. Олардың айтуынша, мұсылмандар мұсылманша, христиандар өз дәстүрі бойынша жерленеді. Олар қайтыс болған кезде, тіпті имамдар келіп дұға оқиды екен.

Жетіқараға сотталушылар Арқалық өлім лагерінде 5 жыл отырғаннан кейін ғана ауыстырылады. Соңғы жылдары бұл аймақта суицидтің бір ғана оқиғасы болды. Дегенмен де, камерада тәулік бойы бейнебақылау бар, тәулік бойы жарық жанып тұрады оның қалай өз-өзіне қол салғаны бізге беймәлім.

Владислав Челах та осы түрмеде. Кейбір адамдар оның осында өз жазасын алып жатқанына күмәнмен қараған болатын.

Ұзақ уақыт бойы әлеуметтік желілерде оның орнында оған ұқсайтын адам отыр деген қауесет тарады. Тағы бір нұсқа бойынша, Челахты түрмедегі сотталушылар өлтіріп тастаған. Бір адамдық камерада отырған Челах есінен адасып, өз-өзіне қол салған дегенде қауесеттер желдей есіп жүр.

Осы қауесеттерге нүкте қою үшін "Караванның" түсірілім тобы Қостанай облысына аттанды.

“БАҚ беттерінде мүлдем басқа нәрсе жарияланады”

Челах №1 камерадағы екінші корпуста отырады. Ол жазасын өтеп жатқан түрмеде тәулік бойы жұмыс жасайтын бейнебақылау бар. Тіпті теледидар бар. Челах ол жерде жалғыз отырған жоқ. Онымен бірге тағы екі адам өз жазасын алып отыр. Өткен жылы мұнда халықаралық талаптарды ескере отырып күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

... Қорқынышты әрі жағымсыз дыбыспен металл есік ашылды. Менің алдымда тарбиған саусақтары бар (түрме жарғысының талабы бойынша) бойы ұзын, жауырын қақпақтай жігіт тұрды. Шыны керек, басында оны Владислав деп ойлау қиын болды. Арық, 18 жастағы жігіттен ештеңе қалмаған, қалған оның көздері ғана.

Абақтыда 8 жыл бұрын шекара бекетінде болған оқиға туралы Челахтан сұрауға болмайды. Тек түрме жағдайлары туралы ғана қоюға болады.

– Владислав, мен сіз туралы бірнеше рет жазған едім, - деп әңгімені бастауға тырыстым.

– Мен БАҚ өкілдерімен сөйлеспеймін, жағдайымның қандай екенін жақсы білесіздер. Туыстарымның айтатыны басқа, ал БАҚ беттеріне шығатыны басқа. Туыстарымның содан көңілдері қалған, - деді жазасын өтеп жатқан Челах.

"Менің егізім жоқ!"

Алматыға келген кезде біз Светлан Ващенкомен байланысып, ұлының "Караванның" сұрақтарына жауап беруін өтіндік. Анасы ұлымен телефон арқылы байланысып, сұрақтарымызға жауап алдық.

Бұл жақта сізге қалай қарайды? Сізді қорқытқандар болды ма?

– Жоқ, мені ешкім қинамайды. Жақсы қарайды, денсаулығым да жақсы.

Сіздің орныңызда егіңіз немесе сізге ұқсайтын адам отыр деген қауесеттер болды...

– Жоқ, бұл мен өзім. Егізім де, маған ұқсайтын адам да жоқ.

Сіз бір кездері БАҚ өкілдеріне берген сұхбатыңызға қайтыс болған шекарашылардың отбасыларына моральдық шығын төлегіңіз келмейтінін және жұмыс жасаудан бас тартатыныңызды айтқан едіңіз. Бұл расымен солай ма?

– Керісінше, мен жұмыс істегім келеді. Күні бойы камерада отырғанша, жұмыс жасаған жүз есе жақсы. Жұмыс жасаған кезде, жұмысқа барынша мән бересің ғой. Моральдық шығын төлеймін. Ол жағынан ешқандай мәселе жоқ. Заң бойынша төлеу керек болса, төлеймін. Бірақ мен бұны мойындамаймын. Өйткені бұл менің шығыным емес. Мен жасаған жоқпын. Бірақ барар жерім жоқ. Мен өз мамандығым бойынша түрмеде жұмыс жасай алмаймын.

Забайкалда сарбаздың бірі 8 сарбазды атып өлтірді. Тергеу кезінде оны қорқытып, зорламақ болғаннан кейін ол осындайға барғанын мойындады. Ол соңында жәбірленуші болып шықты. “Арканкергенде” не жағдай болып еді? Осыған ұқсас жағдай болған жоқ па? Сізді қорқытып дегендей...

– Жоқ, ешкім қорқытқан жоқ. Бұл менің қылмысым емес дедім ғой. Мен ондай қылмысқа барған жоқпын. Бұл сөзімді сотта да, тергеу кезінде де айтқан болатынмын.

Сізді сексуалды жағынан қорқытулар болды ма?

– Жоқ!

Тергеу кезінде табылған қызыл іш киім туралы не айта аласыз?

– Бұл іш киім туралы істе айтқан болатынмын. Ол қызыл іш киім мәйіттерді қараған кезде болған. Тағы да қайталап айтамын, бұл менің қымысым емес. Бұл жайлы тергеу кезінде де, сотта да айтқан болатынмын.

Сіздің ойыңызша, бұл қылмысты кім істеген болуы мүмкін?

– Білмеймін.

 

Сұхбаттасқан Дилярам АРКИН

Сұхбаттың қазақ тіліне аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

БАҚ беттері мен INSTAGRAM желісіндегі парақшалардың назарына!  Материалды көшіріп басу үшін редакцияның рұқсаты қажет.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін