Мен оны ұмытқан емеспін: Нұр-Сұлтанда студент шақта бірге оқыған жан құрбылар 30 жылдан соң кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мен оны ұмытқан емеспін: Нұр-Сұлтанда студент шақта бірге оқыған жан құрбылар 30 жылдан соң кездесті

Мен оны ұмытқан емеспін: Нұр-Сұлтанда студент шақта бірге оқыған жан құрбылар 30 жылдан соң кездесті

Студенттік қызыққа толы өмір әр адамның жадында жаңғырып тұратыныны ақиқат. Арада 20-30 жыл өтсе де, сарқылмайтын сағынышын арқалап жүрген жандар бар. Солардың бірі Зибагүл Қазақбаева. Жан құрбысын іздеген жан бірнеше жылдан соң құрбысымен кездесті.

  • 23 Маусым 2021
  • 53
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы “Қымбат жандар”бағдарламасында айтылды.

Зибагүл Қазақбаева студенттік шақта бірге оқыған құрбысын іздейді.Тағдырдың тәлкегімен құрбысымен хат-хабар алыспай, араласпай кеткен екен. Бүгінде сағынышын баса алмай, қайта көрісуді қалады.

“1986-1989 жылдар аралығында Ташкент қаласында оқу оқыдым. Ол кезде Өзбекстанда тұратынмын. Қасымда тағы бір сыныптасым болды. Үшінші құрбым Жетісай қаласынан келген еді. Бізден 3 жас үлкен. Сондықтан біз оны арқа тұтып, әпкеміздей жақын болып кеттік. Үш жыл бірге оқыдық, бірге тұрдық. Содан кейін кездеспедік. Сыныптасыммен әлі де араласамын. Ол Ұлтуашты теледидардан көріп қалған екен. Елордада көп балалы ана ретінде сөйлеп жатқанын көріп қалған екен. Одан басқа ақпарат білмеймін. Оқу бітірген соң көрмедік”, – деді Зибагүл Қазақбаева.

Ұлтуаш Бекшораеваның қызы Айгүл Серікбаева анасы мен құрбысының достығы жайлы айтып, қызығушылығын білдірді.



“Біз 2008 жылы Нұр-Сұлтан қаласына көшіп келгенбіз. Анам бес қыз, бір ұл баланы өмірге әкелді. Көп балалы ана. Қазір кітапханашы болып жұмыс істейді. Құрбыларын, студент кездегі дос қыздарын үнемі айтып жүреді. Алма тергенін, жүзім тергенін, қызықты шақтарын бізге айтып отырады. 30 жыл өтсе де, бір-бірін ұмытпай іздеп жүрген достықтарын риза болдым”, –деді Ұлтуаш Бекшораеваның қызы Айгүл Серікбаева.

Осылайша екі құрбы 30 жылдан соң студия төрінде кездесті. Бір-бірін сағынысқан құрбылар көз жасына ерік берді. Енді айырылмасқа серт берді.

“Мен Зибагүлді ұмытқан емеспін. Мені іздеп жүр деп естігенде, студенттік шағым, Зибагүлдің жас кезі, бәрі бір сәтте көз алдымнан жүріп өтті. Бәрін сағынышпен еске алдым. Көруге асықтым. Зибагүл жастайынан ұялшақ, тез жылап қалатын қыз еді. Әлі де сондай екен. Түк өзгермепті. Бізді кездестірген бағдарлама ұжымына алғыс айтамын”, – деді Ұлтуаш Бекшораева.

Соңғы жаңалықтар