"Менде басқа амал жоқ": Мөлдір Әуелбекованың екінші рет ажырасып кеткені рас па - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Менде басқа амал жоқ": Мөлдір Әуелбекованың екінші рет ажырасып кеткені рас па

"Менде басқа амал жоқ": Мөлдір Әуелбекованың екінші рет ажырасып кеткені рас па

Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова екінші некесінің сәтсіз аяқталғанын мойындады.

  • 10 Қараша 2021
  • 2311
Фото - Caravan.kz

Бұл жайында әнші Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап. 

Әуелбекова жалғызбасты ана болудың қиын екенін айтты. Дегенмен ол еш мойымайды.

Мен ұлым мен қызыма қарап өмірге деген құлшынысым оянып, күш-жігер аламын. Себебі менде басқа амал жоқ. Балапандарымды бағып, тәрбиелеп, аяққа тұрғызып, жеткізуім керек. Сіз де құлазымаңыз. Еш мойымаңыз. Алла көтере алмайтын сынақ бермейді,

— дейді Мөлдір Әуелбекова.

Мөлдір болашақта әншілікті тастайтынын алға тартты.

Негізі әйел болғым келеді. Бірақ өмірдің қаталдығынан еркек те болуға мәжбүрмін. Болашақта өнерді түбегейлі тастаймын,


— дейді әнші.

instagram.com/moldir.auyelbekova

Өнер иесі өткен жылы екінші рет тұрмысқа шыққан болатын. Әуелбекова осы жылдың маусым айында қыз босанды. Қазір әншінің бір ұлы мен бір қызы бар. Жақында Мөлдірдің экс-күйеуі Арыстан 18 жастағы қызға үйленгенін Express Qazaqstan жазған еді.

Соңғы жаңалықтар