Жарияланды: 140

"Мені полицей өлтірді": қарағандылық әйелдің өлер алдындағы хаты табылды

"Мені полицей өлтірді": қарағандылық әйелдің өлер алдындағы хаты табылды

Әйел Қарағанды облысы полициясының қауіпсіздік басқармасына барған. Оның арызы бойынша тергеу басталып, бір айдан соң іс жабылған.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағандыда полицейге қарыз болған әйел өз-өзіне қол салды.

17 қараша күні Можайский көшесіндегі үйлердің бірінде суицид жасаған әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды "Новый Вестник" газеті.

Ол өлер алдындағы хатында бұған полицей кінәлі екенін жазған.

"Мен өз-өзімен қол саламын деп шештім. Бұған ... кінәлаймын. Мен одан ірі көлемдегі ақша қарызға алдым. Уақытында қайтара алмадым. Оның талабы бойынша үш үй мен пәтерді кепілдікке рәсімдедім", — деп жазған әйел.

Оның сөзіне қарағанда, 26 миллион теңге шамасындағы пәтер ақшасы полицейдің әйеліне берген.

Марқұм полицей екі жыл бойы қысым көрсеткенін жазған.

"2018-2019 жылдар аралығында 200 мың доллар көлеміндегі ақшаның процентін төледім. Мен қарызды қайтарудан бас тартқан жоқпын. Бірақ қарыз бен процентті қайтаратын мүмкіндігім болмады. Ал қысым көрсету одан сайын күшейе бастады", - деп жазылған хатта.

"Ол менен бизнесімді, үйімді, әділдікке деген сенімімді алып қойды... Мен бұлай өмір сүре алмаймын... Маған біреу көмектеседі деп сенбеймін. Басқа жол жоқ. Бұл өз-өзіме қол салу емес - бұл адам өлтіру. Мені ... өлтірді", - деп жазды ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін