"Мерей менің қызым емес, шындықты айтқаным үшін менен кетіп қалды" - Мақпал Жүнісова - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мерей менің қызым емес, шындықты айтқаным үшін менен кетіп қалды" - Мақпал Жүнісова

"Мерей менің қызым емес, шындықты айтқаным үшін менен кетіп қалды" - Мақпал Жүнісова

Халық әртісі Мақпал Жүнісова жалғыз қызы Мерей - туған қызы емес екенін мәлімдеді. Оның шындықты айтқан видеосы желіде кеңінен тарады. Мұнда Мақпал Жүнісова қызы тастап кеткенін жылап тұрып айтады.

  • 3 Мамыр 2022
  • 8868
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы oinet.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Мен сіздердің алдарыңызда Заманбек Қалабаевич үшін өтірік алдадым, кешіріңіздер! Мерей менің туған қызым емес, ол менің туған бауырымның қызы. Мен шындықты айтқаным үшін қызым менен кетіп қалды. Біз қызды зорлықпен алған жоқпыз, екі баламыз түсіп қалғаннан кейін олар өздері берген, «асырап беріңдер» деп. Асырадық, Зәкең өзінің тегін берді. Енді мен ол қыздың алдында, халқым менің басымды имеймін. Кетсе кете берсін. Бүгін кетіп қалды, келмесе кетсін мәңгіге. Өзінің туған әке-шешесі бар, туған бес бауыры бар. Барсын! Асырадым. Өз қызымдай көрдім. Зәкеңсіз асырадым. Кетсе кете берсін, жібердім», – дейді әнші видеода.

Көзін көрсетпей түскен әйелдің шынында да Мақпал Жүнісова ма, әлде, басқа ма ол жағы белгісіз. Видеода сөйлеп тұрған әйел жылаған соң, көзім қызарып тұр, сол үшін көзімді көрсетпеймін деген. Бұл жағдай көпшілікке күмән туғызды. Дегенмен видеодағы дауыс Мақпал Жүнісованың дауысына ұқсас. Сондай-ақ видеодағы әйелдің көзінің асты тілінгеннін байқауға болады.


 

Мақпал Жүнісова жылап отыр🥵😳😨😱

Posted by Марат Сағындық on Monday, May 2, 2022