Бұл шешім аймақаралық (облыс ішінде) және халықаралық телефон байланысы қызметін тарифтеудің жаңа қағидасын енгізгеннен кейін күшіне енді. Еске салсақ, бұдан бұрын компания тұрақты негізде түрлі көлемде қалааралық қоңырауларға жеңілдіктер ұсынды — жеңілдік мөлшерін есептеген кезде әртараптандырылған тәсіл әрекет етті. Жеңілдіктер 100 пайыз күллі Қазақстан бойынша тіркелген нөмірлер қоңырауларына ұсынылады, атап айтсақ, мына мереке күндері: Жаңа жыл (1 қаңтар), Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз), Наурыз мейрамы (22 наурыз), Қазақстан халықтарының бірлігі күні (1 мамыр), Отан қорғаушылар күні (7 мамыр), Жеңіс күні (9 мамыр), Астана күні (6 шілде), Қазақстан Республикасы Конституция күні (30 тамыз), Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні (1 желтоқсан), ҚР Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан). Жеңілдік мереке күндері сағат 00:00-ден келесі күнннің сағат 00:00-ге дейін әрекет етеді.
Атап өтсек, көрсетілген күндердегі жеңілдік телефонист арқылы тапсырыс қабылдау кезінде қолдануға жатпайды.
«Қазақтелеком» АҚ Басқармасы Төрағасы Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, «Мереке күндері берілген қосылыстар санын талдау қалааралық қосылыстар мен қалалық телефон арқылы облыс бойынша қоңыраулар абоненттер арасында сұранысқа ие екенін көрсетті. Сондықтан біз мереке күндерін айқындап, абоненттердің тегін қоңырау шалуына мүмкіндік жасадық».
Тегін қалааралық қоңырауларды абоненттер Астана күнінен бастап пайдалана алады.