Меруерт Түсіпбаева: "Шиза деген әншіні жерден алып, жерге салғанбыз!" Ту жамылған тұлпардағы депутат жазалана ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Меруерт Түсіпбаева: "Шиза деген әншіні жерден алып, жерге салғанбыз!" Ту жамылған тұлпардағы депутат жазалана ма?

Меруерт Түсіпбаева: "Шиза деген әншіні жерден алып, жерге салғанбыз!" Ту жамылған тұлпардағы депутат жазалана ма?

Facebook әлеуметтік желісі арқылы Атырау облысының Құрманғазы аудандық мәслихатының депутаты Бержан Кенжебаевты мерейлі 63 жасқа толуымен жерлестері ат мінгізіп құттықтаған суреті тараған. Тұлпардың үстінде ту элементтері бар жамылғы болды. Сол тұлпарды мінген депутаттың әрекетіне қатысты Меруерт Түсіпбаева желіде тағы да пікірін жазды.

  • 16 Қараша 2022
  • 61
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Меруерт Түсіпбаеваның инстаграмдағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Ағатайдың ,Пайғамбар жасына келіп, көк тудың түсіне, реңіне, қасиетті рәмізіміздің барлық элементтері қамтылған жамылғыны астына басып отырғаны фотода (соқыр емес) адамға көрініп тұр!! Кешіріңіз, біріншіден осы қоғамның бір бөлшегі ретінде, бұл сорақылықты көрсем де көрмегендей сыңай таныта алмаймын!! Өз пікірімді жазған себебім, жақында Шиза деген әншіні ,көктуды умаждады деп , жерден алып- жерге салғанбыз!! Ата сақалы жерге жеткен бұл ақсақалға не болған?! Басқа рең, ( цвет) басқа элементтер құрып қалды ма?! Бұл неқылған сауатсыздық!! Мен неге бұл туралы жазбауым керек?! Бас кеспек болса да ….Тіл кеспек жоқ!! Келер ұрпақ қасиетті дәріптесін, ақпен қараны айыра алсын деп жаздым, әдейі!! Қоғамның олқылығы туралы мен жазбасам?! Ол жазбаса?! Сіз жазбасаңыз?! Не болады сонда?! Қазағымның жыртысын біз жыртпағанда кім жыртады?!" — деген.

Әнші бұған дейін де оқиғаға қатысты ойын білдірген.

"Осы к*тке кіргенді, ат мінгізгенді қашан қоямыз?! Әртістер сахнада көк туды умаждады деп, қанша бақырдық…. Жарайды, ол бала жас , өзі эмоцияға берілгіш әртіс, ішіп немесе шеккені бар шығар….. Ал, мынаған не болған?! Ағайтай- ау мұнша есерленіп, астыңа көк туды басатындай не бітірдің?! Ес қайда?! “Иногда старость приходит одна без мудрости “деген осы екен -ау….. Осы жамылғыны ойлап тапқандар үшін, атқа мінген есерсоқ бауырымыз үшін жаман ұялып отырмын!! Әбден тойынып, не істерін білмей жүргендер ғой, мыналар. Елге осындай депутат керек пе?!" — деп жазған еді.

Айта өтейік, көпшіліктің сынына ұшыраған суретке қатысты Құрманғазы аудандық әкімдігі депутатқа жаза қолдынып, қолданбайтыны туралы нақты пікір бермеген. 


«Құрманғазы ауданы Еңбекші ауылдық округінде ауданға белгілі азаматқа көрсетілген құрмет жеке адамдар және қоғамдық ұйым – Ардагерлер кеңесі тарапынан болғанын ескере отырып, тарту еткен атқа жабылған Ту элементтері белгіленген жабынды арнайы зоодүкендерден алынғанын қаперіңізге береміз», – деген ақпарат таратты әкімдік.

Негізі, ҚР Қылмыстық кодексiнің 372-бабы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қорлағандар 2 мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

Соңғы жаңалықтар