Соңғы кезде өзі сынды пара алып, істі болған әріптестерінің бірі ақталып, енді бірі миллиардтап айыппұл төлеп бостандыққа шығып жатқанда, Мешімбаева да түрмеде тыныш отыра алмай, қайта-қайта апелляциялық шағым жазуда. Бірақ, әзірге одан нәтиже болмай тұр. Астана соты Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымын былтыр ақпанда кінәлі деп танып, 7 жылға абақтыға жапқан болатын. Мешімбаева содан бері ақталып шығатынына үміт үзбей келеді. Ол «2009 жылғы жалпы ұлттық санаққа бөлінген 800 миллионға жуық қазына қаржысын сыбайластарымен жымқырды» деп айыпталған.