Металл сынықтарын жинау қауіпті болуы мүмкін - ҚР ТЖМ - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Металл сынықтарын жинау қауіпті болуы мүмкін - ҚР ТЖМ

Металл сынықтарын жинау қауіпті болуы мүмкін - ҚР ТЖМ

Ақтөбе қаласында Құрайлы ауылының маңында төрт ер адам «Ақбұлақ» АҚ жұмыс істемейтін кәріз тазалау құрылысына металл сынықтарын жинау үшін түсіп, газ буынан, болжаммен алғанда, метаннан уланған, деп хабарлады ҚР ТЖМ.

  • 20 Тамыз 2013
  • 376
Фото - Caravan.kz


Нәтижесінде 31-33 жас аралығындағы үшеуі оқиға орнында мерт болды, 29 жастағы тағы біреуі ауруханаға жатқызылды.

Оқиға орнына ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 3 техникасы мен жеке құрамдағы 18 адамы, ҚР ТЖМ «Жедел құтқару жасағы» ММ 1 техникасы мен 4 адамы, ҚР ТЖМ «Кәсіби әскери апаттық-құтқару қызметтерінің орталық штабы» РМҚК 4 адамы мен 1 техникасы, ҚР ТЖМ «АМО» ММ 1 техникасы мен 3 адамы жұмылдырылды.