Жергілікті басылымдар таратып жатқан ақпарға қарағанда, 84 адам ыстан уланған. Барлығы да ауруханаға жеткізіліпті. Ал өрт Вашингтон метросындағы ірі станциялардың бірі – «Ланфан-плаза» маңында шығыпты. Тунелден тараған қою түтін вагон ішіне жеткен. Сөйтіп, машинист метро көлігін алдындағы бекетке жетпестен тоқтатуға мәжбүр болыпты. Жолаушылардың жаппай тұншығуына осы себеп болған. Ал қаза тапқан адам жас келіншек екен. Әзірге өрттің нақты себебі айтылған жоқ.