Жарияланды: 550

МИ-8 тікұшағындағы экипаж мүшелерінің аты-жөндері жарияланды

МИ-8 тікұшағындағы экипаж мүшелерінің аты-жөндері жарияланды

Қазақстан ТЖМ өз сайтына жоғалып кеткен МИ-8 тікұшағындағы экипаж мүшелерінің аты-жөнін жариялады.

Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында жүргізілген іздестіру шараларына 5 тәуліктен асты. Ми-8 тікұшағының бортында 5 экипаж мүшесі және 3 жолаушы болған, олар: 1. командир - Хабибуллин Рауль Гауптрауфович, 1979 жылы 7 қаңтарда туған; 2. екінші пилот - Есеналиев Нурлан Ажбаевич, 1987 жылғы; 3. борт механигі - Ким Владимир Иванович, 1962 жылғы; 4. авиатехник - Максаев Константин Викторович, 1961 жылғы; 5. авиатехник - Радомский Виктор Иванович, 1954 жылғы. Жолаушылар: 1. "ҚазТрансОйл" АҚ ұшу бақылаушысы - Шоқпаров Нұржан, 1960 жылғы; 2. аусымдағы инженер - Сәрсембаев Алмаз Каметбазарұлы, 1960 жылғы; 3. ККТ АҚ инженері - Сабиров Кенжебай Нағашыбайұлы, 1975 жылғы. Қазіргі уақытта, ТЖМ хабарлауынша, тікұшақты іздестіру әлі де жүргізілуде. Үш бортттың қатысуымен 4 рет шарланды; 115 адам қатыстырылуда, 2 қайық пен 13 техника жұмылдырылуда. Алматы облысында жоғалып кеткен МИ-8 тікұшағын іздеу жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Қазіргі уақытта тікұшақты іздеу жұмыстары жалғасуда. Іздестіру-құтқару жұмыстарына: төңіректі 4 рет аралап ұшып шыққан 3 борт (1 тікұшақ ҚР ҰҚК-нің Үшарал шекара қызметінен, 1 тікұшақ «ЕуроАзияЭйр» АҚ және 1 тікұшақ ҚР ТЖМ-нен), 115 адам, 13 бірлік техника, 2 қайық тартылды», - деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. Іздестіру шаралары бүгін, 28 қарашада 08.00 сағатта қайта жалғастырылды. Іздеу жұмыстары әзірше нәтиже берген жоқ. Еске сала кетейік, «ЕуроАзияЭйр» АҚ Жезқазған бөлімшесіне қарасты МИ-8 тікұшағы 5 тәулік бұрын із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Содан бері оны іздестіру шаралары жалғасып келеді. Экипаж «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС Атасу-Алашаңқай мұнай құбырын әуеден бақылау үшін аттанған. Содан кейін байланысқа шықпаған. Бортта экипажбен бірге 8 адам болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін